logo

Еуропа чемпионы «Бешикташтың» бас бапкері болды

Еуропа чемпионы «Бешикташтың» бас бапкері болды

Португалиялық маман Фернанду Сантуш «Бешикташ» клубының бас бапкері атанды, деп хабарлайды sportplustv.kz.

Сантуш бұл қызметте жергілікті Рыза Чалымбайдың орнын басты. Түркиялық жаттықтырушы желтоқсан айында отставкаға кеткен.

Португалиялық Фернанду Сантуш команданың бас бапкері болып тағайындалды. Ұжымға қош келдіңіз!, - делінген клуб таратқан мәліметте.

Сантуш баптаған Португалия құрамасы 2016 жылы тұңғыш рет Еуропа чемпионы атанған. Финалда Франциядан басым түсті.

2023 жылғы қыркүйекке дейін Сантуш Польша құрамасын баптаған. Айта кетейік, «Бешикташта» жаздан бері қазақстандық Бактиер Зайнутдинов ойнайды.



Күн шежіресі