Ескекшілер Сергей мен Тимофей Емельянов Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды
Қазақстандық ескекшілер Сергей Емельянов пен Тимофей Емельянов байдарка мен каноэде ескек есуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандықтар екілік-каноэде 500 метрге ескек есуден ақтық сында 1:44.972 уақыт нәтижесін тіркеді.
Осылайша Сергей Емельянов пен Тимофей Емельянов қола жүлдеге ие болды.
Қытайлықтар У Шэнъюэ и Цзи Бовэнь бірінші орын алды — 1:40.741. Өзбекстандықтар Артур Гулиев пен Владлен Денисов күміс алды — 1:42.878.