Ескек есуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында төрт жүлдеге ие болды
Самарқанда өтіп жатқан академиялық ескек есуден Азия чемпионатында қазақстандықтар 4 қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Спортты дамыту Дирекциясының мәліметі бойынша.
Жеңіл салмақтағы жұптық сында (2000 м) Әділет Керімбек пен Артём Матусевич, ал төрт адамдық жарыста (2000 м) Мәлік Тойғанбаев, Арслан Сексен, Ярослав Мельников, Арыстан Айбеков үшінші орынға тұрақтады.
Сонымен қатар, жеңіл салмақтағы төрт адамдық жарыста (2000 м) Қуаныш Бекбембетов, Әлішер Мұстақап, Бауыржан Сұлтанов, Тимур Фомичев, әйелдер арасындағы төрт адамдық жарыста (2000 м) Варвара Белоногова, Тамара Первушкина, Анжела Полянина, Мелани Жакупова үздік үштікке енді.