logo

Ещенко мен Орынбай Азия рейтингінде көш бастап тұр

Ещенко мен Орынбай Азия рейтингінде көш бастап тұр

Азия ату спорты қауымдастығы (ASC) жаңартылған рейтингін ұсынды. Стенд атудан екі бірдей қазақстандық спортшы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Эдуард Ещенко “скит” жаттығуында 1629 ұпай жинап, көшбасшылық орнын сақтап тұр. Әйелдер арасында осы дисциплинада Әсем Орынбай 1722 ұпаймен азиялық рейтингтің бірінші сатысына шықты. Сонымен қатар, Зоя Кравченко 1130 ұпаймен жетінші орында.

“Трап” жаттығуында Мария Дмитриенко 1200 ұпаймен бесінші орынға жайғасты.