logo

Есбол Сұлтанов: Париж Олимпиадасынан кейін қазақстандық бапкерлерді әлемде мойындай бастады

Есбол Сұлтанов: Париж Олимпиадасынан кейін қазақстандық бапкерлерді әлемде мойындай бастады

Таеквондодан Тунис құрамасының жаттықтырып, Париж Олимпиадасында бұл құраманы жетістікке алып келген қазақстандық маман Есбол Сұлтанов Қазақстан чемпионатының құрметті қонағы атанып, Sport+ телеарнасына сұхбат берді.

— Париж Олимпиадасынан кейін біздің бапкерлерді ел танып, мені халықаралық таеквандо федерациясы шақырды. Олар мені қай елден екенін сұрады. Осы жетістіктен кейін Африканың бірнеше елінен хабарласып, жақсы бапкерлар сұрады. Бұл Қазақстан үшін жақсы жарнама болды. Жақында біздің таеквандо федерациясы бүкіл әлемдік төрешілер семинарын Астанада өткізді. Менің ойым: болашақта Қазақстан таеквандосы бүкіл әлемге танымал болады. 

Сонымен қатар, Сұлтанов өзінің болашағы туралы айтып өтті. 

— Менде Тунис таеквандо федерациясымен келісімшарт аяқталды, бірақ олар жаңасын ұсынып отыр. Жақында маған Қазақстан таеквандо федерациясынан хабарласып, жаңа бапкер қызметіне менің кандидатурамды қарастыруға ниет білдірді. Осыдан бір-екі күн бұрын федерацияда үлкен жиын өтті. Сол жиында мен өзімнің бағдарламамды ұсындым. Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадада топ жару үшін қан бағытта жүру керектігін айттым. 



Күн шежіресі