logo

Ермек Маржықпаев қызметінен кетуіне түсініктеме берді

Ермек Маржықпаев қызметінен кетуіне түсініктеме берді

Қазақстан Республикасының туризм және спорт бұрынғы министрі Ермек Маржықпаев әлеуметтік желілерде өзінің қызметтен кетуіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Бүгін ҚР Туризм және спорт министрі лауазымындағы жұмысымды аяқтаймын. Бұл менің өмірімдегі маңызды және мағыналы кезең болды. Президент пен Үкіметке көрсеткен сенімі үшін, сондай-ақ барлық әріптестеріме жемісті ынтымақтастығы үшін шын жүректен алғыс айтамын. Бастамалар жалғасып, отандық туризм мен спортты дамытуға өз жемісін беретініне сенемін» — деді Ермек Маржықпаев.