Ерасыл Сәулебеков — ауыр атлетикадан әлем чемпионатының қола жүлдегері
Испанияның Леон қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстандық Ерасыл Сәулебеков 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болып, құрама қоржынындағы алғашқы медальді жеңіп алды.
17 жастағы қызылордалық серпілісте 154 келі (4 нәтиже) және итеруде 190 келі (2 нәтиже) көрсетті.
Алтынды корей спортшысы Квон Да Хи, мысырлық спортшысы Эльсаеда күміс алды.