Емберді Ислам ынтымақтастығы ойындарында тағы екі медаль жеңіп алды
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Едіге Емберді Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі бірдей медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдымен спортшы жұлқа көтеруде үшінші орын алды.
Кейін серпе көтеруде 191 келіні бағындырып, екінші нәтиже көрсетті.
Сондай-ақ Емберді қоссайыстың қорытындысы бойынша (343 келі) қола медальға қол жеткізді.