Эльжана Таниева Испаниядағы Гран-при кезеңінде алтын алды
Көркем гимнастикадан Испанияның Марбелье қаласында өткен Гран-при кезеңінде қазақстандық Эльжана Таниева жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстан гимнастика федерациясынан мәлім еткендей, доппен жаттығудың финалында өнер көрсеткен Эльжана Таниева төрешілерден 33.400 ұпай алып, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Бұл сында өзбекстандық спортшы Тахмина Икромова күміс медаль (32.600) иегері атанса, словениялық гимнасшы Екатерина Веденеева (32.200) үздік үштікті түйіндеді.