logo

Елсияр Қанағатов: Париж Олимпиадасының штабына ең білікті мамандар шақырылды

Елсияр Қанағатов: Париж Олимпиадасының штабына ең білікті мамандар шақырылды

Астанадағы алқа мәжілісінде Елсияр Қанағатов Париж Олимпиадасына дайындық бойынша штаб құрылғанын айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

«Азия ойындарының жүлдегерлерін қабылдау кезіндегі Президенттің тапсырмасын орындау үшін Туризм және спорт министрінің бұйрығымен қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына және жазғы Олимпиада, Паралимпиадаға дайындық мәселелерін үйлестіру үшін Спортты дамыту дирекциясының, Ұлттық Олимпиада комитетінің және федерациялардың білікті мамандарымен жасақталған арнайы штаб құрылды, қазіргі таңда штаб өзінің жұмысын жоспар бойынша атқаруда. Штабтың жұмысы Жасөспірімдер Олимпиадасына дайындық мәселелерін ұйымдастырудан басталды. Осы кешенді жарысқа қатысу бойынша Министрліктің, Ұлттық Олимпиада Комитетінің, федерациялардың қолдауымен барлық жағдай жасалды. Соның арқасында біздің спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп Қазақ елін жақсы жағынан дүние жүзіне таныта білді. Қазіргі таңда Штаб Париж қаласында (Франция) өтетін 2024 жылғы XXХIII (33) - жазғы Олимпиада, XVII (17) Паралимпиада ойындарына ұлттық құрама командаларды даярлауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс атқарып жатыр», - деді штаб басшысы.



Күн шежіресі