Практикалық атыстан ел біріншілігі басталды
Жарысқа республиканың әр аймағынан 5 қаруын сайлаған 200-ден астам қатысушы келді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Практикалық атыс – елде енді ғана кең танымалдылыққа ие болып жатыр. Бұның өзгелерден ерекшелігі, нысаналарды бір орыннан тұрып емес, жүгіріп жүріп ату керек. Яғни кез келген бұрыштан оқ жаудырып, жаттығуды жылдам орындап шығу қажет.
Мұндай жарысқа екінің бірінің қатысу мүмкіндігі жоқ. Жолдама алу оңай емес. Ол үшін бірқатар анықтамалар мен қару қолдануға рұқсат беретін құжат қажет. Сондықтан да ел біріншілігінде бақ сынап жүргендердің дені әскерилер.
Дегенмен, IPSC жүйесіндегі барлық жарыстардан қалыс қалмайтын қарапайым азаматтар да бар екен.
Жалпы бұл жарыс 4 күн жалғасады. Шапшаң қимылдап, барлық нысаналарға дөп тигізгендерге ақшалай сыйақы да қарастырылған.