logo

Елордада өткен велошеруге 400-ге жуық адам қатысты

Елордада өткен велошеруге 400-ге жуық адам қатысты

Астанада есірткіге қарсы күрес және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бұқаралық велошеру өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Мектеп маусымының аяқталуы және жаз мезгілімен тұспа-тұс келген Халықаралық балаларды қорғау күнінің ерекше маңызы бар. Себебі, Астана қаласының 472 070 тұрғыны немесе 33%-ы 18 жасқа дейінгі балаларды құрайды.

Осы орайда енді ғана өмір жолына қадам басқан жасөспірімдерді зиянды әдеттен аулақ болу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында дәстүрлі велошеру өтті.

25 шақырымдық қашықтықты еңсеруге таңғы 7:00-ден елорда іргесіндегі қала мәртебесін алған Қосшы елді мекенінің айналма веложолына жиналды.

400-ге жуық әуесқой спортшылар бас қосқан шарада қатысушылар «Үркер» елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағына дейін жалғасқан 25 шақырым қашықтықты еңсерді.