logo

«Елімай» кезекті белгілі қазақстандық ойыншымен толықты

«Елімай» кезекті белгілі қазақстандық ойыншымен толықты

«Елімай» футбол клубының қатарын Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Роман Муртазаев толықтырды.

30-жасар Роман Муртазаев – қарағандылық футболдың түлегі. Роман өзінің мансабын «Шахтерде» бастады, кейін ол «Ертіс», «Астана», «Тобыл» және ресейлік «Балтика» футбол клубтарында ойнады.

Муртазаев Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Қазақстан құрамасы сапында ол 25 ойын өткізіп, 3 гол соқты. Өткен маусымда Роман қарағандылық «Шахтер» сапында өнер көрсетті.

Қазақстан чемпионатында барлығы 250 ойын өткізіп, 56 гол соқты.