Юрий Перцух «Елімай» футбол клубымен келісімшартқа отырды
Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Юрий Перцух Olimpbet-Қазақстан чемпионатының жаңа қатысушысы «Елімаймен» (Семей) келісімшартқа қол қойды.
Юрий ЦСКА, «Бәйтерек», «Ақжайық», «Қызылжар», «Астана», «Атырау», «Ақтөбе» командаларында ойнады. Соңғы маусымды қарағандылық «Шахтерде» өткізді.
Қазақстан құрамасы сапында 17 ойын өткізіп, Шотландия құрамасының қақпасына керемет голдың авторы атанған болатын.