«Елімай» бір күнде екі кездесу өткізіп, екі жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Алғашқы ойында семейлік клуб «Нефтчи» (Өзбекстан) командасын 3:0 есебімен ұтты.

Кешкі ойында Андрей Карповичтің шәкірттері босниялық «Слоганы» 3:1 есебімен ұтты. Екінші кездесуде Шина дубль жасаса, Иван Свиридов тағы бір гол соқты.