logo

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде өз орнын сақтап қалды

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде өз орнын сақтап қалды

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) Ролан Гаррос турнирінен кейін жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Франция ашық чемпионатында ширек финалға дейін жеткен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 5973 ұпаймен 4-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 39-дан 41-ге сырғыды.

Аталмыш жарыс жеңімпазы, Польша өкілі Ига Швентек 11 695 ұпаймен өзгелерден оқ бойы озып кетті. Екінші орынға америкалық Кори Гауфф (7 988) көтерілсе, беларусьтік Арина Соболенко (7 788) 3-сатыға төмендеді.

Ролан Гарроста ширек финалда Е.Рыбакинаны жеңіп, соңғы бәсекеге дейін жеткен италиялық Ясмин Паолини (4 068 ұпай) 15-тен бірден 7-орынға шықты.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 57-ден 54-сатыға жоғарылады.