Екі қазақстандық Бакудегі әлем кубогы кезеңінде нысана көздеуден күміс медаль алды
Қазақстан құрамасының нысана көздеу бойынша өкілдері Бакудегі (Әзірбайжан) әлем кубогы кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жетістікті Елдар Иманқұлов пен Валерия Попелова көрсетті. Мергендер 10 метр арақашықтықта аралас командалар арасындағы пневматикалық тапаншамен ату бойынша жарыста күміс медаль жеңіп алды.
Финалдық орындауда қазақстандықтар Түркия дуэтіне жол берді.