Эдуард Базров Рафиков – Тибау жекпе-жегі туралы: Бразилиялықтың ең мықты нұсқасына дайындалып жатырмыз

Эдуард Базров Рафиков – Тибау жекпе-жегі туралы: Бразилиялықтың ең мықты нұсқасына дайындалып жатырмыз

Қазақстандық ММА жауынгері Фаниль Рафиковтың бапкері Эдуард Базров шәкіртінің UFC-дің бұрынғы файтері Глейсон Тибаумен өтетін жекпе-жегі туралы пікір білдірді.

«Алдымызда Фаниль Рафиков пен Глейсон Тибау арасындағы керемет жекпе-жек тұр. Ол — UFC-де өнер көрсеткен, осы ұйымның үздік спортшыларымен айқасқан өте мықты файтер. Хабибпен де, Исламмен де жұдырықтасқан. Сондықтан бізді өте ауыр кездесу күтіп тұр. Қарсыласымыздың жасы үлкен болғанымен, біз Глейсон Тибаудың ең үздік нұсқасына қарсы дайындалып жатырмыз. Дайындық жоспар бойынша өтіп жатыр. Фаниль бар күшін салып еңбек етуде. Ол — үнемі жаттығу залында тер төгетін жігіттердің бірі. Сондықтан барынша дайын болып, жанкүйерлерге тартысты, әсерлі әрі әдемі жекпе-жек сыйлаймыз», — деді Базров DAR Team командасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланған сұхбатында.

Турнир 8 тамыз күні Бейжіңде өтеді. Кештің негізгі кардында үш чемпиондық жекпе-жек ұйымдастырылады.



Күн шежіресі