Эдуард Базров: Әліби бәрін дұрыс жасады, барлық үш раундты таза жеңді
DAR Team жаттықтырушысы Эдуард Базров Хьюстондағы UFC турнирінде Әліби Ідірістің Оди Осборнға қарсы жеңісіне баға берді.
«Әліби бәрін дұрыс жасады, нақтылы! Жақсы дайындалып шықты. Оның жекпе-жегін өте ұнаттым, барлық үш раундты таза жеңіп алды — күресте де, тік тұрып жұдырықтасуда д! Жарады, құттықтаймын!» — деп sport_kor әлеуметтік желісінде бапкердің сөздері келтірілген.
Бұл жеңіс Әліби үшін UFC-дегі алғашқы жеңіс болды. Қазіргі таңда оның әлемнің үздік лигадағы рекорды — 1-1.