Жалғас Жұмағұлов Әліби Ідірістің UFC-дегі қарсыласына баға берді
OKTAGON лигасының чемпионы, қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы командаласы Әліби Ідірістің қарсыласы — Оди Осборнға баға берді, деп хабарлайды Sport+.
«Әлібиді жекпе-жекке Айбек ағай (Айбек Шоқпытов — бапкері, — авт.) дайындады. Қарсыласы — орта деңгейлі, соққысы бар жігіт. Асудың онымен қалай жұмыс істеу керектігін көрсетті. Егер Әліби сол тактиканы ұстанса, бәрі жақсы болады — жеңіс болады. Қарсыласы соққы жасау жағынан қауіпті. Бірақ Әлібидің де соққысы жаман емес. Егор өз тактикасын ұстанса… Ең бастысы — лаки-панч өткізіп алмау», — деді Жұмағұлов.
Әліби мен Жалғас Айбек Шоқпутовтың жетекшілігімен «Еркін күш» залында жаттығады.
Әліби Ідіріс пен америкалық жауынгер Оди Осборн арасындағы жекпе-жек 22 ақпанда Хьюстон қаласында (Техас штаты, АҚШ) өтетін UFC Fight Night 267 турнирінде болады. Бұл жекпе-жек қазақстандық спортшы үшін ұйыммен жасалған толыққанды келісімшарт аясындағы алғашқы айқас болмақ.