logo

Едіге Емберді: Жарақатыма қарамастан, Ислам ойындарында жақсы нәтиже көрсете алдым

Едіге Емберді: Жарақатыма қарамастан, Ислам ойындарында жақсы нәтиже көрсете алдым

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Едіге Емберді Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы өз нәтижесіне қатысты пікір білдірді.

«Қазір аяғымда жарақат бар, сол себепті екі жаттығуда ауыр болды, бірақ ойдағыдан жақсы нәтижені көрсеттім. Дайындық барысында мен салмақтың 60 пайызынан артық көтерген жоқпын. Екі жаттығудан да медаль бар, қос сайыстан да медаль бар. Аяғым ауырмағанда серпе көтеруден бірінші орын алуға болатын еді, ал қос сайыста күміске қол жеткізуге мүмкіндік болар еді. Бұл жарақатты Әлем чемпионатында 199 келі салмақты көтергенде алдым», — деді Емберді.

Спортшы енді аз уақыт демалып, жарақатынан толық айығып, алдағы жарыстарға тың дайындықпен оралуды жоспарлап отыр.



Күн шежіресі