Дзюдодан Қазақстан чемпионы допинг дауына ілігіп, жарыстан шеттетілді
Дзюдодан Қазақстан командасының бұрынғы бірінші нөмірлі спортшысы Зере Бектасқызы допинг қолданғаны үшін айыпталған, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Зере WADA тыйым салған препаратты қолданғаны үшін айыпталған.
Ол 2022 жылдың шілдесінен бері үш жылдық жазасын өтеуде.
Айта кетелік, бұған дейін бокстан Қазақстан командасының мүшесі Санатәлі Төлтаев де допингпен ұсталған болатын.