Дзюдодан Азия чемпионатында бақ сынайтын ұлттық құрама спортшылары анықталды
16–18 сәуір күндері Қытай Халық Республикасының Ордос қаласында ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+.
Жарысқа құрлықтың 21 елінен 200-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде. Жекелей сында 7 салмақ бойынша ерлер, 7 салмақ бойынша әйелдер арасында өзара мықтыны анықталады.
Қазақстан құрамасы аталған біріншілікке келесі құраммен қатысады:
Ерлер:
— 60 кг: Шерзод Давлатов, Аман Бақытжан
— 66 кг: Нұрқанат Серікбаев
— 73 кг: Есет Қуанов
— 81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
— 90 кг: Айдар Арапов
— 100 кг: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамуров
Әйелдер:
— 48 кг: Диана Буркеева
— 57 кг: Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева
— 63 кг: Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева
— 70 кг: Ажар Асхат
— 78 кг: Аруна Жангельдина, Ақерке Рамазанова
+ 78 кг: Аида Тойшыбекова