Душанбеге 100 жыл: Тәжікстан астанасында халықаралық жартылай марафон өтеді
Душанбе қаласы төрағасының қаулысына сәйкес, 20 сәуірде ел астанасы күніне орай XIV Душанбе халықаралық жартылай марафоны өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Оған Қазақстан, Өзбекстан және Эфиопия спортшылары, сондай-ақ Тәжікстаннан кәсіпқой спортшылар қатысады. Жартылай марафон Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығының (IAAF) күнтізбесіне енгізілген.
Жартылай марафон қашықтығы - 21 шақырым 97,5 метрді құрайды.
Алдыңғы, 2023 жылдың 15 сәуірінде өткен XIII Халықаралық жартылай марафонға Еуропа, Америка, Африка және Азия елдерінен Душанбе қаласымен сауда-экономикалық ынтымақтастық орнатқан бауырлас қалалардың спортшылары қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші Душанбе жартылай марафоны (21 шақырым 97,5 м) 2010 жылы өткен болатын. Дәстүр бойынша Душанбеде астана күні сәуір айының үшінші сенбісінде тойланады.
Айта кету керек, бұл күні Душанбеде марафонмен қатар басқа да спорттық жарыстар, мәдени-әлеуметтік бағдарламалар мен жарыстар өтеді.