logo

Диас Джиренбаев әлем чемпионатында дебют жасады

Диас Джиренбаев әлем чемпионатында дебют жасады

Бүгін Чехия астанасы Прагада мәнерлеп сырғанаудан ерлер қысқа бағдарламада сайысқа түсті.

Қазақстан атынан 22 жастағы Диас Джиренбаев алғаш рет жаһандық додаға қатысып, 59.34 ұпай жинады. Осылайша отандасымыз жарыс жолын аяқтады.

Қысқа бағдарламаның қорытындысы:

1-орын. Илья Малинин (АҚШ) - 111.29 ұпай

2-орын. Адам Сяо Хим Фа (Франция) - 101.85 ұпай

3-орын. Александр Селевко (Эстония) - 96.49 ұпай

Енді ертең, 27 наурыз күні әйелдер бәсекесінде Софья Самоделкина шешуші еркін бағдарламада өнер көрсетеді.



Күн шежіресі