logo

Депутат экс-министр Маржықпаевтың қызметінен босатылуына не себеп болғанын айтты

Депутат экс-министр Маржықпаевтың қызметінен босатылуына не себеп болғанын айтты

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жұмысынан босатылған экс-министр Ермек Маржықпаевқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Депутаттың айтуынша, экс-министр өзіне жүктелген міндеттерді орындай алмаған.

«Саладағы проблемаларға қатысты саяси жауапкершілік болады. Менің ойымша, Маржықпаев мырза да біліп, түсінген сияқты. Олимпиаданың алдында, өзге спорттық іс-шаралар алдында өзіне міндеттемелерді алады ғой. Егер оны орындамаса, мемлекеттік қызметтен кету әлемде бар тәжірибе.  Ешкім ешкімді бір қызметке бар деп міндеттемейді. Ал қызметке барған соң істеуі міндет. Қазақстанға бүкіл әлем көз тігіп отыр. Қордаланған мәселелер болды. Министрлерді жұмыстан босату президенттің шешіміне қатысты болады», - дейді Сарым.

Ал бас штабтың қателігінен боксшылар жүлдесіз қалғанын атап өтті.

«Біздің спортшылардың мықты екені рас. Менің ойымша, Париж олимпиадасындағы бокста тактикалық дайындықтар жетпей, бас штабтың қателіктері болды деп ойлаймын», - дейді Айдос Сарым.



Күн шежіресі