Дейзи Джепкемей әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетті
Белградта (Сербия) World Athletics күнтізбесіне енгізілген жүгіруден әлем чемпионаты өтуде. Бұл біріншілікте Қазақстан құрамасынан үздік нәтиже Дейзи Джепкемейге тиесілі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz cайтына сілтеме жасай отырып.
Спортшы әйелдер арасындағы сайыста мәре сызығына сегізінші боп келген. Бірінші орында кениялық Беатрис Чебет. Ал ерлер арасында Ислам Аманқос 82-орында, ал Александр Марусич 97-сатыда.
14 команда қатысқан аралас эстафетада Қазақстан құрамасы 12-орында.