logo

Давид Ефремов Азия чемпионы атанды

Давид Ефремов Азия чемпионы атанды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы жабық ғимараттағы Азия чемпионатының алғашқы күнінде үш медаль еншіледі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Тегерандағы біріншілікте 60 метрге кедерігемен жүгіруде Давид Ефремов Азия чемпионы атанды. Финалда ол аталған қашықтықты 7.60 уақытта бағындырды.

Иван Иванов ядро лақтыруда күміс жүлде иеленді. Оның көрсеткіші - 19,08.

Әйелдер арасында Аяна Болатбекқызы жүлдегер атанды. Ол 1500 метрге жүгіруде қола жүлдеге қол жеткізді.



Күн шежіресі