logo

Даррен Диц маусымның қалған бөлігі үшін 90 млн теңгеден астам табыс табады

Даррен Диц маусымның қалған бөлігі үшін 90 млн теңгеден астам табыс табады

Қазақстан құрамасы мен «Барыстың» бұрынғы қорғаушысы Даррен Диц, жуырда Екатеринбургтің «Автомобилист» клубымен келісімшартқа отырған болатын. Ол ағымдағы маусымның қалған бөлігі үшін шамамен 20 млн рубль (96,8 млн теңге) алады, деп хабарлайды Sport+.

31 жастағы хоккейші, Қазақстан азаматтығы бар Диц, 1 желтоқсанда «Автомобилистпен» келісімшартқа қол қойып, КХЛ-дағы мансабын жалғастыруға шешім қабылдады. Бұған дейін ол қараша айында «Авангард» клубымен келісімшартты екіжақты келісім бойынша тоқтатқан еді.

Ағымдағы маусымда Диц КХЛ чемпионатының 18 матчында 4 ұпай (1+3) жинады.