Данияр Васильев Чехияның Френштат қаласында FIS Cup кезеңінде жеңіске жетті

Данияр Васильев Чехияның Френштат қаласында FIS Cup кезеңінде жеңіске жетті

Чехияның Френштат қаласында шаңғымен трамплиннен секіруден FIS Cup кезеңі өтті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан атынан екі спортшы — Данияр Васильев пен Илья Мизерных өнер көрсетті.

Данияр Васильев бірінші орын алды. Сонымен қатар ол 109 метрге секіріп, трамплиннің рекордын жаңартты.

Илья Мизерных төртінші орынға ие болды.



Күн шежіресі