Чепнгетич марафонда жаңа әлемдік рекорд орнатты
Кениялық спортшы Рут Чепнгетич марафонда жаңа әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ол қашықтықты 2 сағат 9 минут 56 секундта жүгіріп өтті.
Бұл көрсеткіш Тигист Ассефа бір жыл бұрын Берлинде көрсеткен нәтижеден (2:11:52) шамамен екі минутқа жылдам.