logo

Чемпиондар туралы комикс кітаптар жарық көрді

Чемпиондар туралы комикс кітаптар жарық көрді

Астанада бірқатар отандық спортшыға арналған комикс кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport+

Бұл кітаптар дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов, бокстан Олимпиада жүлдегерлері Нұрбек Оралбай мен Назым Қызайбай, қазіргі ҰОК басшысы Геннадий Головкинге арналған. Спортшылардың жүріп өткен жолы балалар мен жасөспірімдерге түсінікті тілде жазылып, жарқын суреттермен әрленген.

«Бұл кітаптар сатылымға шығарылмайды, тек спорт мектептері мен кітапханаларға үлестіріледі. Бұл — спортшыларға арналған тұңғыш комикс кітаптар», — деді ұйымдастырушылар. Авторлардың айтуынша, бұл бастама жалғасын тауып, алдағы уақытта басқа спортшыларға арналған кітаптар да жарық көреді. 



Күн шежіресі