Бочча: Астаналық спортшылар 8 жүлде жеңіп алды
Боччадан ел чемпионатындағы жеке сайыс жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Астана қаласының жүлдегерлері:
Ересектер
BC1 класс
1-орын. Ерхат Алмат (Астана қ.)
2-орын. Мейірбек Оразбек (Астана қ.)
3-орын. Қуаныш Асқарбеков (Астана қ.)
BC2 класс. Әйелдер
1-орын. Итиана Шыңғысқызы (Астана қ.)
2-орын. Меруерт Тілебалды (Астана қ.)
BC3 класс. Ерлер
1-орын. Темірлан Алтынсары (Астана қ.)
BC3 класс. Әйелдер
3-орын. Аяулым Кашкова (Астана қ.)
Жасөспірімдер
ВС1 класс. Ұлдар
3-орын. Елхан Шәкіров
«Жылдан жылға бәсекелестіктің артып жатқаны байқалады. Былтыр біздің санатта үш қана қатысушының арасында жүлде сарапқа салынса, биыл олардың саны 5-ке жетті. Әсіресе Павлодар қаласының өкілдері қарсылық көрсетті. Әрдайым өзімді шыңдап отырмасам, чемпиондық атақтан да айырылып қалуым мүмкін» - деді BC3 санаты бойынша чемпион атанған Темірлан Алтынсары.
Шынында да былтыр ел чемпионатына 47 адам қатысса, биыл 89-ға жеткен.
«Астанаға екінші мәрте келіп жатырмын. Өзім Қарағандыдағы балалар үйінің тәрбиеленушісімін. Бочча спортына бет бұрғалы бірінші рет Қазақстанның өзге қалаларына баруға мүмкіндік алдым. Жарыста топ жармасам да, өз қаламнан бөлек, басқа жерлерді көргеніме қуаныштымын», - деді Николай атты қатысушы.
Айта кетейік, боччадан енді командалық бәсеке бойынша жарыстар өтеді.