logo

Бибісара Асаубаева Шымкенттегі кезеңде қола жүлдеге қол жеткізді

Бибісара Асаубаева Шымкенттегі кезеңде қола жүлдеге қол жеткізді

Шымкентте Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған беделді турнир – әйелдер арасындағы 2024-2025 жылғы ФИДЕ Гран-приінің екінші кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport+

9 турдың нәтижесі бойынша FIDE Women’s Grand Prix Series 2024-2025 екінші кезеңінде жарысқа ФИДЕ туы аясында қатысқан Александра Горячкина (2533) жеңімпаз атанды (7 ұпай). Одан жарты ұпай аз жинаған әлемнің экс-чемпионы Тань Чжунъи (Қытай, 2551) екінші орынға шықты. Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы, 45-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері Бибісара Асаубаева (2487) Тбилисиде өткен 1-ші кезеңдегідей жүлдегер атанды, бірақ бұл жолы ол үшінші орында.

Әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің ақшалай жүлдесі қомақты. Алты кезеңнің әрқайсысының қоры 80 000 еуроға тең, бірінші орын алған шахматшыға оның 18.000 еуросы табыс етіледі, екінші орынның жүлдесі – 13.000 еуро. Бүкіл турнир сериясының жалпы жүлде қоры – рекордтық $600 000, оның $120.000 жалпы есепте үздік болған он ойыншыға үлестіріледі. Классикалық шахмат бойынша Гран-при ақшалай жүлдесімен ғана емес, рейтингті жоғарылату мүмкіндігімен де аса құнды, бұған қоса серияда жеңіске жеткен жағдайда әлемдік шахмат тәжін иеленуге жол ашылатын келесі үміткерлер турниріне (FIDE Women’s Candidates 2026) жолдама алуға болады.

Әйелдер арасындағы Гран-Придің 2024-25 жылдар сериясының 2-ші кезеңінің 9 турының қорытынды кестесіне назар аударсақ: 1. GM Александра Горячкина (ФИДЕ, 2533) – 7 ұпай; 2. GM Тань Чжунъи (Қытай, 2551) – 6½; 3. IM Бибісара Асаубаева (Қазақстан, 2487) – 5; 4. IM Ставрула Цолакиду (Грекия, 2439) – 5; 5. GM Хампи Конеру (Үндістан, 2530) – 4½; 6. IM Дивья Дешмух (Үндістан, 2501) – 4½; 7. GM Катерина Лагно (ФИДЕ, 2527) – 4; 8. IM Нургюл Салимова (Болгария, 2405) – 3½; 9. GM Элизабет Петц (Германия, 2458) – 2½; 10. IM Батхуягийн Монгонтуул (Моңғолия, 2344) – 2½.