Бибісара Асаубаева шахматтан қазіргі әлем чемпионын жеңді
20 жастағы спортшы рапидтің 9-шы раундында Қытайдың Decade China Team командасының мүшесі, қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньді жеңді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл матч белгілі бір дәрежеде Қытай құрамасы үшін тағдыршешті болды, өйткені Цзюйдің жеңіліс табуы оның командасына арабтың Al-Ain ACMG UAE командасын жеңуге мүмкіндік бермеді, сөйтіп ол 12 турдан кейін рапид бойынша чемпион атанды.
«Мен қара фигуралармен ойнадым. Қытайдың командасы өте күшті, сондықтан жақсы ойын көрсеткім келді. Бұл алғаш рет тікелей ойнаған партиямыз болды, оған дейін біз тек онлайн кездестік.
Мен жақсы партия ойнай алдым деп ойлаймын, бір кезде сапаны құрбан етіп бастама үшін ойнадым, бірақ ақырында айламды асырып, оны жеңе алдым», - деп Асаубаева матчтан кейін эмоциясын бөлісті.