logo

Бибісара Асаубаева беделді турнирдің жеңімпазы атанды

Бибісара Асаубаева беделді турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева  Swiss Queens Wednesday беделді турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Қазақстан шахмат федерациясының мәліментіне сәйкес блиц-шахматтан екі дүркін әлем чемпионы (2021, 2022) Бибісара Асаубаева Swiss Queens Wednesday тоғызыншы онлайн-турнирінде жеңіске жеткен. Ол 10,5 ұпай жинап, қарсыластарынан екі ұпай артық жинаған. 

Swiss Queens Wednesday онлайн-турнирлерінің сериясы ФИДЕ 100 жылдығын тойлау аясында өткізілді. Аталмыш жарысқа ФИДЕ титулдарына қол жеткізген әлемнің ең мықты ойыншылары қатысады. Әр турнирдің жүлде қоры - 1000 АҚШ доллары.

Турнирдің үздік бестігі:
1. Бибісара Асаубаева — 10,5 ұпай (300 доллар)
2. Теодора Иняц — 8,5 ұпай (250 доллар)
3. Савита Шри Баскар — 8,5 ұпай (200 доллар)
4. Вантика Агравал — 8 ұпай (150 доллар)
5. Фам Ле Тхао Нгуен — 7,5 ұпай (100 доллар)