logo

Бернд Лено Ұлттар лигасының матчтарына барудан бас тартты

Бернд Лено Ұлттар лигасының матчтарына барудан бас тартты

Лондондық «Фулхэм» қақпашысы Бернд Лено Ұлттар лигасының матчтарында ойын практикасының болмауына байланысты Германия құрамасына барудан бас тартты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазан айында Германия құрамасы Ұлттар лигасында Босния және Герцеговина мен Нидерланд құрамаларына қарсы ойнайды.

«Маған құрамда болатынымды, бірақ алаңға шықпайтынымды айтты. Сондықтан Лондонда жаттығуды жөн көрдім. Мен үшін әрдайым ұлттық құрама сапында ойнау үлкен мәртебе және бұл менің басты мақсатым болып қала береді», — деп түсіндірді 31 жастағы Бернд Лено.

Германия құрамасының негізгі қақпашысы — мюнхендік «Бавария» ойыншысы Мануэль Нойер.

Бернд Лено ағымдағы маусымда АПЛ-да жеті матч өткізіп, сегіз гол жіберіп алған.

Ұлттар лигасының матчтарын 10 және 11 қазанда Sport+Qazaqstan арнасы тікелей эфирде көрсетеді.