logo

Бегасыл Сейтхан: Қабирханның жетістігі қазақ жылқыларына жол ашты

Бегасыл Сейтхан: Қабирханның жетістігі қазақ жылқыларына жол ашты

Белгілі журналист пен комментатор Амангельді Сейтханның ұлы Бегасыл Сейтхан Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында жылқы шаруашылығы жайлы айтып берді.

– Бегасыл, осы бизнеске қалай келдіңіз? Жылқы өсіруге сізді не тартты?

– Осы бизнеске келуімнің себебі, мен бес жасымнан бастап кәсіпқой шабандоз болдым. Міне осы жылқыларға деген қызығушылық осы қазір шаруашылыққа айналды. Негізі махаббат қой осы салаға алып келген.

– Өзіңіздің нақты мамандануыңыз туралы айтып бере аласыз ба?

– Шаруашылықтың негізгі үш бағыты бар – етті сүтті бағыт, ат бегілік спорт және селекциялық, демек таза қанды, не болмаса ата-тегі жақсы дамаған бұқалар болсын, қойлардың да жақсы тұқымын өрбіту сияқты жұмыстарды жүргіземіз.

– Осы бизнесте қандай қиыншылықтармен кездестіңіз?

– Бұл бизнестегі ең қиыны ол жылқы бағатында адам аттың тұяғыдай қатты болу керек дейді, біздің үкіметтен көрсетілетін көмек, жалпы субсидия өте аз беріледі. Сол себептен сенің багажыңда артық қаржы болу қажет. Сонымен қоса малдың ауыруы, өлуі бар. Олардың алдын алу үшін вакциналарды дер кезінде қолданып отыру керек. Құдай сақтасын, тағы жаңбыр немесе даланың өрттенуі секілді табиғи апаттар болуы мүмкін. Бұндай қиыншылықтарға мал шаруашылығымен айналысатын адам дайын болуы керек.

Бегасыл Сейтхан: Қабирханның жетістігі қазақ жылқыларына жол ашты
– Жылқы өсіру бизнесін басқарудағы ең күрделі аспектілерді атап өтсеңіз?

– Малшылардың жетіспеуі жиі кездесетін проблема. Қазір жылқы бағудан қашатын адамдар көбейіп кетті, соңдықтан жақсы мамандарды табу өте қиын. Мал шаруашылығымен айналысатын адамның нақты күнтүзбесі болмайды, себебі кез келген уақытта бірнәрсе болуы мүмкін және соған дайын тұру керексін.

Сонымен қатар жылқылар үш жасында сүт тістері түсіп, жаңарады және тай кезінде оларда сақау шығады. Қасқыр деген шаруашылықта міндетті түрде кездесетін бәле бар, себебі ауқымды жерді алып жатқаннан кейінде ол жерлерде бөрілер болады, әсіресе біздің шығыс жақта. Ең күрделі нәрселер осы, әйтпесе бұның бәрін енсеруге болады, бастысы қияли ойға салынбай, нақты не қалайсын соны талап ету керек. Ал егер де ойын ұштаспай, басқа нәрсені ойлап тым аса сілтеп жіберсен бұл шаруашылықтың тежелуіне және өспеуіне алып келеді. Бұл салада эксперт болу керек, себебі мал ол тірі жануар, Алланың жаратқаны, одан қазір құтылғанымен кейін құтыла алмайсын, оның қарғысы болады. Білімін жақсы болса онла міндетті түрде жеңіске жетесін.

– Қазақстанда және әлемдегі ат өсірудің болашағын қалай көресіз?

– Болашағы өте зор. Өзім 2009 жылдан бастап бәйге спортымен таныспын. Сол кез бен қазіргі уақытты салыстырғанда өте қарқынды дамуда. Спонсорлар табылып Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Бизнесте дәл солай, шетелден инвесторлар қызығушылық танытып отыр. Қытайды есептемегеннің өзінде де бізге қазір Қабирханның Дубайдағы жетістігі өте үлкен жол ашты. Біздің жылқылар да әлемдік деңгейде осындай жетістіктерге жетуге әбден мүмкін.

Тіпті сауда саттық жағынан да, ет өндірісін Қазақстан тікелей экспорттайтын болады, сондықтан жергілікті мал шаруашылығын болашағы зор десек болады. Жылқыға келетін болсақ, бәйге де ары қарай дами береді. Жақында бәйге федерациясы құрылып, даңғылықты жұмысын атқарып жатыр. Бәйгеге беретін қаражат қомақты десе де, бұл жердегі бәсекелестікті де ұмытпау керек. Бәсекелестікке сұраныс көп болса – бұл сала ешқашан да өлмейді. Сондықтан жылқының тұяғынан мықты болсан, мақсатын айқын болса, өзінен күдіктенбесен, онда бұл салада мықты маман боласын.