logo

Батуттағы гимнастикадан Нидерландтағы Әлем кубогының кезеңі: ұлттық құраманың тізімі

Батуттағы гимнастикадан Нидерландтағы Әлем кубогының кезеңі: ұлттық құраманың тізімі

Алкмар қаласында (Нидерланд) батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының екінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Батутта секіру сайысында Қазақстан құрамасы сапында үш спортшы өнер көрсетеді. Құрамаға Роман Барков, Никита Тумаков және Ерлан Тасмағамбетов енді.

Әлем кубогының кезеңі 12-13 наурыз аралығында өтеді.

Айта кетейік, Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Роман Барков сегізінші орын алған еді.

Ал синхронды секіру бағдарламасында Роман Барков пен Ерлан Тасмағамбетов бесінші орынға тұрақтады.