logo

Баскетболдан Испанияның Суперкубогы Sport+ арнасында көрсетіледі

Баскетболдан Испанияның Суперкубогы Sport+ арнасында көрсетіледі

Испанияда баскетбол маусымы басталды, дәстүр бойынша ол Суперкубок матчтарымен ашылады.

Бұл трофей үшін өткен маусымдағы үздік төрт команда бақ сынайды. Биыл олар — «Уникаха», «Валенсия», «Реал» және «Барселона».

Суперкубокты ең көп жеңіп алған клуб — «Реал Мадрид». Мадридтіктердің еншісінде 9 трофей бар. «Барселонаның» 5 жеңісі болса, «Валенсия» мен «Уникаха» бір реттен жеңіске жеткен. Айта кетейік, «Уникаха» — қазіргі Суперкубок иегері.