Бас бапкер гимнастардың Олимпиадаға қатысу мүмкіндігін болжады
Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының бас бапкері Александр Ким ҰОК cайтына берген сұхбатында Париж Олимпиадасына жолдама жеңу мүмкіндіктерін айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Әлем кубогінің төрт кезеңі аяқталған соң, үздік үш нәтиже есепке алынады. Содан соң, рейтингте бірінші және екінші орында тұрған спортшыларға лицензия беріледі. Әрбір снаряд бойынша бір елден екі спортшы қатыса алмайды. Ал жалпы снарядтар бойынша үш атлеттің қатысуына ғана рұқсат.
Қазіргі таңда Оңтүстік Кореяда екі лицензия бар әрі еркін жаттығудан сынға түсетін Рю Сань Ен 60 ұпаймен көш бастап тұр. Сондықтан, таңдау еркін жаттығудағы спортшыға түсері анық. Осылайша, Курбановтың ізін алып келе жатқан тағы бір кореялық спортшы есептен шығып қалады. Гимнастикалық ат снарядында жолдама үшін талас үш спортшының арасында өтеді. Олар - Әбу Әл Сауд (Иордания), Нариман Курбанов және тайпейлік Ли Чи Кай. Соңғысы екі жарыста да финалға шыға алмады.
Патанин Каирде еркін жаттығу бойынша финалға шығып, төртінші орын алды. Азизов те финалда алтыншы орынға табан тіреді. Олардың қарқыны жаман емес. Сондықтан, гимнастарымызда жолдама алатын мүмкіндік бар.