logo
Live

«Барыстың» жаңа бапкері тағайындалды

«Барыстың» жаңа бапкері тағайындалды

«Барыс» хоккей клубы бірінші команданың бас бапкері қызметіне Дэвид Немировскидің тағайындалғанын жариялады. Аталмыш маманмен келісім шарт бір маусымға жасалған, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan клубтың баспасөз-қызметіне сілтеме жасай отырып.

Немировски ҚХЛда 2015 жылдан бері жұмыс істейді. «Адмиралдағы» спорттық директор жұмысынан кейін Дэвид төрт маусым бойы Нижний Новгородтың «Торпедосын» басқарған. Оның кезінде Гагарин Кубогының плей-офф кезеңінде үш рет ойнады. Осы маусымда ол Новосибирсктің «Сибирь» командасында бас бапкер қызметін атқарды.