«Барыс» Хабаровскіде «Адмиралдан» реванш алды
Астаналық «Барыс» сырт алаңда «Адмирал» командасын жеңіп, қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Кездесу Хабаровск қаласында өтті.
Ойын қазақстандық клубтың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Осылайша «Барыс» өз алаңындағы бұған дейінгі жеңіліс үшін «Адмиралдан» есе қайтарды.
Матч барысында «Барыс» сапынан Макс Уиллман мен Әлихан Әсетов мергендігімен көзге түсті. Олардың шайбалары елордалық командаға маңызды жеңіс сыйлады.