Бапкер: Әсем Орынбай рейтинг бойынша Олимпиадаға өтеді
Дохада өткен стенд атудан лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасы екі жолдама иеленді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Лицензия алғандар Эдуард Ещенко мен Мария Дмитриенко. Бас бапкер Сергей Колостың айтуынша, Әсем Орынбай да басты үміткерлердің бірі.
«Бұл турнирге жоспарымыз орындалды. Лицензиялар алдық. Әсем Орынбай жақсы өнер көрсетті, финалға шықты. Ол рейтинг бойынша Олимпиадаға өте алады, қазір бірінші орында тұр», — деді жаттықтырушы.
Қазіргі уақытта команда Бакуда дайындық жүргізуде, әрі қарай осы жақта Әлем Кубогына қатысады.