logo

Байхрейнде ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталды

Байхрейнде ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталды

Бахрейннің Манама қаласында жалауын көтерген ауыр атлетикадан әлем чемпионатында ел құрамасынан алғашқы болып Ақмолда Сайрамкез (67 келі) сайысқа түседі, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.

Қазірге дейін 22-жастағы атлет көптеген жарыста жеңімпаз атанып үлгерді. 2019 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болса, Азия чемпионатында 2019 жылы жасөспірімдер және 2020 жылы жастар арасында қола жүлдеге қол созды.

Сондай-ақ ол 2021 жылғы жастар аарсындағы әлем чемпионатында және 2024 жылы ересектер арасындағы Азия чемпионатында күміс алды.

Еліміздің ерлер құрамасының бас бапкері Дәурен Бекмұханбетовтің айтуынша, Ақмолда Сайрамкез А тобында сынға түседі. Бұл салмақта барлығы 27 спортшы жүлделерді сарапқа салады. Басты қарсыластары – Қытай, Солтүстік Корея және Түркиядан келген ауыр атлеттер.

Жарыста ерлер құрамасында Ақмолдадан өзге Александр Уваров (81 келі), Алексей Чуркин (81 келі), Денис Уланов (89 келі), Денис Полубояринов (89 келі), Кириил Староверкин (96 келі, Нұрғиса Әділетұлы (96 келі, Артем Антропов (102 келі), Андас Самарқанов (109 келі) пен Мейрам Сұлтан (109 келі) сайысқа түседі.

Ал әйелдер құрамасында Карина Горичева (64 келі), Арай Нұрлыбекова (71 келі), Аянат Жұмағали (76 келі), Айша Омарова (76 келі) және Любовь Ковальчук (+87 келі) жүлделерді сарапқа салады.