logo

Бәйгеден Қазақстан чемпионатының үшінші іріктеу кезеңі өтті

Бәйгеден Қазақстан чемпионатының үшінші іріктеу кезеңі өтті

Алматыда бәйгеден Қазақстан чемпионатының үшінші іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Сәйгүліктер құнан бәйге, топ бәйге және аламан бәйге түрлері бойынша сынға түсті.

Аталған аталымдар бойынша жеңімпаз атанғандар:

Құнан бәйге — 1-орын Әлжан Жоламан, Кароль тұлпары (Алматы облысы)
Топ бәйге — 1-орын Бекзат Ділдәхан, Тайсон тұлпары (Алматы облысы)
Аламан бәйге — 1-орын Бекзат Ділдәхан, Сайгон тұлпары (Алматы облысы)
Жорға бәйге — 1-орын Снежана Демина, Алекс тұлпары (Алматы облысы)

Айта кетейік, «Бәйге» федерациясы ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді.

Бәйгеден Қазақстан чемпионаты тоғыз кезеңнен тұрады.

Әр кезеңде үздік бестікке енген аттар финалға жолдама алып отырады.



Күн шежіресі