Азияның үздік мергендері Алматы облысына жиналады
Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында стенд атудан Азия Кубогі өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Kazinform Агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Турнир 20-30 қыркүйек аралығына жоспарланған. Құрлықтық додаға Азияның 40 елінен 500-ден астам спортшы қатысады.
Жарыстың басты мақсаты – ату спортының танымалдығын арттыру, спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, спортшылардың рейтингін анықтау, жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
Айта кетелік, стенд атудан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында жүлдеге іліккен жоқ.
Олимпиадада Қазақстан намысын үш спортшы қорғаған болатын.