logo

Азия чемпионатынан 11 жүлде

Азия чемпионатынан 11 жүлде

Су спорты түрлерінен Филиппинде өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 11 жүлде еншіледі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Нью-Кларк-Сити қаласындағы біріншілік 3 жас ерекшелігі бойынша өтуде: А тобы (18 жастан жоғары), В тобы (15-17 жас), С тобы (14 жастан кіші). Алғашқы күні жүзу және суға секіру сайысында жүлделер сарапқа салынды.

Қазақстан спортшыларының нәтижесі төмендегідей:

Жүзу, А тобы: Аделаида Пчелинцева, 100 метрге брасс әдісімен жүзу — алтын, Ксения Игнатова, 50 метрге шалқалай жүзу - алтын, Диана Тасжанова, 200 метрге еркін әдіспен жүзу - күміс, 800 метрге еркін жүзу — қола.

Әйелдер құрамасы (Аделаида Пчелинцева, Диана Тасжанова, Ксения Игнатова, Софья Сподаренко), эстафета 4х100 метрге еркін әдіспен жүзу — күміс.

Жүзу, В тобы: Егор Попов, 50 метрге шалқалай жүзу — алтын, Арсен Қожахметов, 100 м брасс - күміс, София Абубакирова, 200 м кешенді жүзу - күміс, 50 м шалқалай жүзу - қола.

Ерлер құрамасы (Егор Попов, Егор Василенко, Алексей Крученко, Данил Черепанов), эстафета 4х100 метрге еркін әдіспен жүзу — күміс.

Суға секіру, А тобы: Диана Жұмағұлова/Анабелла Кочкина, 3 метрлік тұғырдан синхронды секіру — күміс.