Азиада-2026: волейболдан Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды
2026 жылы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтетін жазғы Азия ойындарында волейбол бәсекесінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер және әйелдер ұлттық құрамаларының қарсыластары белгілі болды.
Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның ерлер құрамасы А тобында сынға түседі. Топтық кезеңде олар Жапония, Пәкістан және Өзбекстан құрамаларымен кездеседі.
Ал әйелдер құрамасы В тобына түсті. Қазақстандық волейболшылар Қытай және Филиппин құрамаларына қарсы ойнайды.
Әйелдер арасындағы жарыс 16–22 қыркүйек аралығында, ал ерлер арасындағы бәсеке 27 қыркүйек — 3 қазан аралығында өтеді.