Азиада-2026: қазақстандық бессайысшылар алдын ала кезеңде сынға түсті
Аичи-Нагоядағы (Жапония) Азия ойындарында қазіргі бессайыстан ерлер арасында семсерлесуден алдын ала кезең өтті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы сапындағы үздік нәтижені Темирлан Абдраимов көрсетті. Ол 36 спортшының арасынан 27 жеңіспен және 8 жеңіліспен екінші орынға жайғасты. Бірінші орында 31 рет жеңіске жеткен Оңтүстік Корея өкілі Со Чан Ван тұр.
Кирилл Стадник семсерлесудегі іріктеу кезеңін 21 жеңіс және 14 жеңіліспен 10-орында аяқтады. Лев Чувашов 20 жеңіс, 15 жеңіліс көрсеткішімен 14-орынға тұрақтады. Тихон Варёхин де 20 рет жеңіске жетіп, 15 рет жеңілді және 15-орынға орналасты.
Айта кетейік, алдын ала кезеңнің қорытындысы спортшылардың келесі кезеңдеріндегі жарысты қай орыннан бастайтынын анықтау үшін есепке алынады. Ерлер арасындағы жартылай финал 18 қыркүйекте өтеді.